Көзқарас, пікір, ой

lat: Kózqaras, pikir, oı.

Белгілі бір іс, құбылыс туралы топшылаған ұғымы, тұжырымы, пайымдауы. Өмірге деген, мына отырған біздерге деген көзқарасы қандай болмак (Н. Серәлиев). Бұл мәселе талқыға салынып, біздің пікірдің дұрыс екені айқын көрінді (С. Сейфуллин). Биыл да астықты өткен жылғыдан кем алмайық деген совхоз енбек- шілерінің жақсы ойы, жоспар, межелері бар (Ж. Жұмаханов).